Жетісу көшелеріне уақытша асфальт төселуде
Талдықорғанда жылу құбырларын жаңартқаннан кейін, қазылған көшелерге уақытша асфальт төселмек. Келер жылы оны сүріп тастап, толық төселеді. Жергілікті билік екі жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Уақытша асфалть төсеу ақшаны желге шашумен бірден дүние. Жаздан басталған жылу желілерінің жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Күн суып кеткеніне қарамастан жұмыс жүріп жатыр. Кейбір үйлерде ыстық су әлі жоқ. Мәселен, облыс орталығының жолдарын қалпына келтіру үшін Қабанбай батыр көшесіне уақытша асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұны көрген қала тұрғындары өкпе-ренішін жеткізуде.
Қала көшелерінің жолдары өте сапасыз. Ауылдың жолдары түзу ма деп қаласыз. Көше қазылғаннан кейін тегіс асфальт төселмейді. Кедір-бұдыр жолдармен жүресіз. Жаяу жүргіншіге айналып өту тіпті қиын. Уақытша асфальт деген бола ма? Келер жылы қайта ақша бөлгенше біржолата салып тастамай ма? Мұнысын түсіне алмадық. Әлде ақшаны игеру үшін осылай амалдап жатыр ма? Түсінсем бұйырмасын,- дейді қала тұрғыны Әнуарбек Естібаев.
Қала әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде «TOLAGAL-2050» ЖШС жеке қаражат есебінен жылу жүйелерін жөндеу барысында қазу жұмыстары жүргізілген Қабанбай батыр көшесіне асфальт төсемін салу жұмыстарын бастап кеткен. Оған қоса аталған жұмыстар Балпық би көшесінде де жүргізілмек. Осылайша жол көлік құрлымын қалпына келтіру мақсатында уақытша асфальт төселетін болады.
Жалпы аталған көшелерге асфальт төсемін толықтай ауыстыру жұмыстары келер жылы көктем айына жоспарланып отыр. Біз көшені толықтай қалпына келтіреміз. Әзірге ойылған жолдармен жүрмеу үшін уақытша асфальт төселінеді. Алдағы уақытта біркелкі жол толық салынады, - дейді қала әкімі Ернат Бәзіл.