Жетісу баннерлері мемлекеттік тілде жазылмаған

Жетісудың орталығы Талдықорған қаласындағы мерекелік баннерлердің 80 пайызы орысша. Жетісулықтар қала әкімдігіне шағымдануда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Талдықорғанның туған күнің тойлауға шамамен 60 млн-ға жуық қаржы бөлінген еді. Оған түрлі іс-шаралар ұйымдастыру көзделген. Бүгін сол мекерелік жиынға арналған көркемдеуіш құралдар мен палакатар, оған қоса баннердегі жазулардың дені орыс тілінде жазылған. Қазақша жазылған жузылар өте сирек кездеседі. Мұны көрген қала жұрты жергілікті билікке шағымдануда.

Әлеуметтік желідегі шуы байқап қалдық. Ана тілімізде жазылған плакаттар бар. Екі тілде арнайы алынған баннерлер де бар. Бәрақ көзге көрінбей жатқан болар, дейді ұйымдастырушы Еділбек Таукебаев.

Жастар саябағында жүрген халықтың қарасы көп. Барлығы қала к.ніне арнайылап келген. Дегенмен айналадағы жазуларды көріп көңілі қалып отыр. Мемлекеттік тілді құрметтемеген жергілікті биліктің әрекетіне наразы. Себебі мұндағы халықтың 85 пайызы қазақтар. Өзге этнос өкілдері де қазақ тілін түсінеді.

Жетісу қазақ халқының құтты мекені. Мұнда ана тілімізге деген құрмет төмендеген емес. Мәселен 20-дана астам этнос өкілдері тұрады дегеннің өзінде, олардың саны бар жоғы облыс халқының 30 пайызын құрайды. Қазақтар өте көп. Дегенмен мына жазуларды көріп қала күні шетелдіктерге арналған мереке сияқты сезіліп тұр. Қанашама сырттан келген қонақтар соны айтып жатыр. Бұл масқара ғой. Тек орыс тілінде ғана жазылған жазулар, дейді қала тұрғыны, зейнеткер ұстаз Аманбек Атантелов.

Айтпақшы, халық Сей Мо, Калифорния секілді әншілерге қарағанда халықтың ықыласына бөленген танымал әншілерді шақырғанын жөн болар еді деген пікірде. «Жалаңаш» әншілердің қажет жоқтығын айтуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы