Жетісу балаларының 27 пайызы өзге тілде оқиды

Қыркүйек айында мектеп қабырғасына аяқ басуға асық 12 мыңнан астам бала бар. Соның үштен бір бөлігі орыс және ұйғыр сыныптарына барады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жетісуда жаңа оқу жылына дайындық басталды. Ата-аналар қазірден бастап балаларын киіндіріп жатыр. Осы жылы көктем айының ортасынан бастап оқуға қабылдау жұмыстары қолға алына бастаған. Бүгінге дейін 11 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның мыңнан астамы egov.kz порталы арқылы тіркелгенғ қалғаны e-zhetysu.kz электронды қызмет көрсету порталында өтініш берген екен. Тіпті қазақ жүзінде мектепке тілегін білдірген ата-аналар да бар.

Қазір мектепке балалар қабылдау жұмысы тиянақты жүріп жатыр. Биыл оқуға асық бүлдіршіндердіңсаны былтырғыдан кем емес. 80 пайызға тарта қазақ сыныбына баруға бекініп отыр. Ал қалған ата-аналар өз таңдауын жасады. Орысша оқуға пайызға шаққанда 21,6, ұйғырша білім алуға 4,1 бала тіркелген екен. Әрине қандай тілде білім аламын десе халықтың өз еркі. Біз өз тарапымыздан қолан келген көмегімізді аямаймыз, - дейді облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Әли Солтанбеков.

Шыны керек, Жетісуда соңғы кездері қазақ мектептерінің саны аздығы жиі айтылуда. Бірақ бұл дерек жалған. Дегенмен аралас мектептер азаймай тұр. Орыс сыныбына балаларын беріп жатқан қазақ ата-аналары да жетерлік. Оларға олай істеме деп айтуға келмейді, заң аясында қимылдаудан басқа амал жоқ.

Ата-ана баласын шетелде оқытамын десе де заң алдында еркін әрекет ете алады. Меніңше, болашақ қазақ тілінде. Өңірде жайлы мектептерде көптеп салынып жатыр. Білікті мамандар да жетерлік. Баяғыдай заман емес, орысша білсең бастық боласың дейтін. Сондықтан баламды ана тілінде оқыған жөн, - дейді қала тұрғыны Серік Жазықбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы