Жетісу әкімдігі «Қорғастағы» жағдайға қатысты түсініктеме жасады
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі «Қорғас» ХШЫО-дағы жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде жарияланған «Қорғас» ХШЫО-дағы жағдайға байланысты бейнероликке қатысты төмендегіні хабарлайды.
2018 жылы «Kazakhstan Technology Solutions» ЖШС (қазіргі «Terminal A») жүктерді және КПП – 1 (багаж терминалы) кешенінің уақытша сақтау қоймасын тереңдетіп тексеру үшін ғимарат сатып алған болатын, сондай-ақ кейін осы багаж терминалына қызмет көрсету үшін жер учаскесін сатып алды. Сатып алу барысында ҚР қолданыстағы заңнамасы бұзылғандықтан, қазіргі кезде (17.01.2024 жыл) ҚР Бас көлік прокуратурасы сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді. ҚР Бас көлік прокуратурасының осы мәселеге байланысты «Terminal – A» ЖШС мен «Қорғас» ХШЫО» АЭА БК» АҚ-ға қатысты берген талап арызын бірінші инстанция соты қанағаттандырды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнеролик – жауапкер «Terminal – A» ЖШС-ның сот шешіміне байланысты қоғамдық резонансты қолдан жасауға бағытталған реакциясы, - деп түсіндірді әкімдік.
Айта кетейік, бұдан бөлек ХШЫО басшылығындағы лауазымды тұлғалардың тарапынан заңсыз әрекеттерге жол берілді делінген фактіге қатысты құқық қорғау органдары тексеру жүргізуде.