Жетісайлық жастар сенбілік ұйымдастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Жетісай ауданының жастары сенбілік өткізді.
Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен орталық қызметкерлері мен «Сырдария» университеті, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі мен Жетісай Жоғары медицина колледжінің, «Жанықұл» медицина колледжі студенттерінен құрылған «Жан жылуы» еріктілер клубының мүшелерінің, Түркістан облысы Қоғамдық Даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ Жетісай аудандық филиалы қызметкерлерінің қатысуымен өткен сенбілік Жетісай қаласындағы орталық саябақта жүргізілді.
Кестеге сәйкес 15 мамыр – жастар және волонтерлар ұйымдарының қатысумен «Таза парктер» экологиялық акциясы болып бекітілген сенбілік барысында Жетісай жастары саябақ іші мен жол бойларын ретсіз тасталған қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, жиналған қоқысты арнайы орындарға топтастырды. Көгалдандыру жұмыстары жүргізілген аумақтарды түрлі шөптерден тазартты.
Айта кетейік, бұған дейін де жетісайлық жастар министрлік тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес 2021 жылдың 1 мамыр күні Қазақстан халқы Ассамблеясы, этно-мәдени бірлестіктері және олардың жастар қанаты өкілдерінің қатысумен «Таза көлдер, өзендер және бұлақтар», 8 мамыр күні жастар және волонтерлар ұйымдарының қатысумен «Естелік саябағы» акцияларын өткізген болатын.
Алдағы уақытта, яғни 25 мамыр күні «Киелі Табиғат» экологиялық плоггингін өткізуді жоспарлап отыр.