Жетісайдағы өрт: Президент қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, тергеу жүргізуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап. 

Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында екі қабатты үй өртеніп, 12 адам қаза болғаны хабарланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы