22 Шілде 2025, 07:12
Фото: istockphoto.com
Жетісайдағы білім саласында 4 млрд теңгеден аса қаржы талан-таражға түскен
Түркістан облысының арнайы соты Жетісай аудандық білім бөлімінің 46 қызметкеріне қатысты істі қарады.
Түркістан облысының арнайы соты Жетісай аудандық білім бөлімінің 46 қызметкеріне қатысты істі қарады. Олар 2021–2023 жылдар аралығында жалған қызметкерлерге жалақы аудару арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркістан облыстық сотына сілтеме жасап.
Басты айыпталушылар – бөлім басшылары мен бас бухгалтер. Олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, кейбіріне жазаны өтеуді кейінге қалдыру тәртібі қолданылған. Сонымен қатар, 43 мектептің бухгалтері де қаражат жымқырды деген айыппен жауапқа тартылды. Олардың 34-і 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге сотталды, 12-сі нақты түрмеге қамалды.
Мемлекетке 800 миллион теңге қайтарылған. Қалған шығынды өндіру мәселесі азаматтық сот арқылы шешілмек.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
- Ғалымдар «климаттық әткеншек» құбылысы туралы ескертті 05:20
- АҚШ-тағы еңбек нарығының әлсіреуі алтын бағасын өсірді 04:25
- Қазақстандық ескекшілер Азия чемпионатын төрт алтын медальмен аяқтады 03:42
- Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: 17 облыста ескерту жарияланды 02:37
- Таиландта оқушы ата-әжесін және бес мұғалімді атып өлтірген 01:26
- Шенген дауы: Испания мен Италия арасында миграцияға байланысты текетірес күшейді 00:33
- Павлодарда каналға шомылуға барған ер адам суға батып кетті 07.08.2026