Жетісайда заңсыз балық аулаған 15 браконьер анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісайда заңсыз балық аулаған 15 браконьер анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы әлі де жалғасып жатыр. Шараның мақсаты – балық және балық өнімдерін аулау, сату, тасымалдау, сатып алу секілді құқық бұзушылықтардың алдын алу. Осы бағыттағы рейд кезінде Жетісай АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары өз аумақтарында тексеру жұмыстарын күшейтті. Соның нәтижесінде, аудан көлемінде табиғатты қорғау заңнамаларын бұзған 15 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Сондай-ақ заңсыз балық аулау бойынша екі қылмыс анықталып, ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша тіркеуге алынды.
Аталмыш браконьерлікпен айналысқан жергілікті тұрғындардан жалпы заңсыз ауланған 142 келі балық, бір қайық, екі жарық беру құралы және моноталшықтан жасалған 700 метрден астам Қытай ау-торы айғақты зат ретінде тәркіленді.
Анықталған 15 құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабымен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) хаттама толтырылды.