Жетісайда бір гимназияның түлектері түгелдей грантқа ие болды

Жетісай қаласындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназияны биыл бітірген 63 түлек түгел мемлекеттік грантқа ие болды,  деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар-24 сілтеме жасап. 

Олардың бәрі Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары балл жинаған.

Бұл мектептің түлектері жыл сайын осындай аса жоғары көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Содан да болар, қоғамда осынау нәтижеге күмәнмен қарайтындар бар. Бірақ, мектеп басшысы мұның сыры қарапайым дейді: білікті педагогтар және зерек оқушылар.

Мектепке келген әрбір баланың сапалы білім алуы, әрбір тапсырманы меңгеруі – біздің басты міндетіміз, - дейді мектеп директоры Өмірхан Қозыбақ.

Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназия 1986 жылы ашылған. 2009 жылы оған гимназия деген статус берілді. Соңғы 20 жылда мектептен 444 Алтын белгі, 220 Үздік аттестат иесі түлеп шыққан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы