Жетісайда 90-ға жуық отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Жетісай қаласында үй кезегінде тұрған 88 мұқтаж отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді.
Пәтер кілттері табысталған көпқабатты үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек көпбалалы аналарға салтанатты түрде пәтер кілтін ұсынды.
Шынымды айтсам күні кешеге дейін бізге пәтер сыйлайтынын білмедік. Бұл жаңалық біздің отбасы үшін үлкен тосын сый болды. Бұған дейін біз аядай жерді жалдап күнелтіп келдік. Енді міне, өз пәтерімізге де қол жеткіздік. Атсалысқан барша жандарға алғыс айтамын,- деді көпбалалы ана Зухра Сахиева.
«Үйсіз азаматтардың қатарын азайту - біздің басты мақсатымыз» - деген аудан басшысы Мұрат Болатұлы баспана салу ісі алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтты.
Яғни, тұрғын үй кезегінде тұрған әрбір азаматты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде жұмыстар атқарыла бермек.