Жеті жылда 8 мың шақырым: Қазақстанның суару жүйесі қалай өзгерді?
Қазақстанда соңғы жеті жылда 8 мың шақырым суару каналы қайта жаңғыртылды. Соңғы үш жылда бес су қоймасы салынып, 321 ауылдық елді мекенді қамтитын 22 ауыз сумен жабдықтау жобасы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үш жыл ішінде жалпы ұзындығы 1 645,6 шақырым суару каналы қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар жалпы сыйымдылығы 464,5 миллион текше метр болатын бес су қоймасы салынды және жаңартылды.
Бұдан бөлек, сегіз гидротехникалық құрылыс пен инженерлік-техникалық жүйені жаңарту жұмыстары аяқталды. Ауыз сумен жабдықтау бағытында да 22 топтық су құбыры нысаны салынып, қайта жаңғыртылды. Нәтижесінде шамамен 945 мың тұрғыны бар 321 ауылдық елді мекен қамтылды.
Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары 2026 жылы да жалғасып жатыр. Жыл басынан бері жалпы ұзындығы 4 640,8 шақырым болатын 746 суару каналын қайта жаңғырту жобасы іске асырылуда.
Сондай-ақ бес су қоймасын салу, 12 гидротехникалық құрылысты қайта жаңғырту, 12 топтық су құбырын салу және алты су нысанын санациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған жобалар суару жүйелерін жаңартуды, гидротехникалық нысандардың инфрақұрылымын жақсартуды және елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін дамытуды көздейді.