Жеті жыл реформалардың нәтижесін көретін тиімді уақыт - сарапшы
Бұл пікірді саясаттанушы Әділ Сайлаубек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда Президент билігін бір мерзімге және 7 жылға сайлау туралы ұсынысы қызу талқылануда. Жаңа Қазақстанға қандай да қадам басу үшін орнықты әрі сыртқы және ішкі ауыс-түйісті тұрақтандыру бағытында бұл маңызды деп ойлаймын. Екінші Республикаға жету мақсатында бұл мерзім арқылы біз қандай да бір нақтылыққа қол жеткізе аламыз. Әрине, жеті жыл - аз уақыт емес. Бірақ заманауи реформалар мен әлеуметтік-экономикалық мәселелерді түбегейлі аяқтап кету үшін тиімді уақыт деп білемін. Бұл сыртқы факторларға да әсер ететінін түсінуміз керек. Мәселен, шет мемлеккеттермен байланыс орнатуда да тұрақтылық маңызды. Мен Президентті 7 жылға сайлауды құптаймын, - деді сарапшы Әділ Сайлаубек.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы болатынын жариялап, президент жеті жыл мерзімге бір рет қана сайланатынын мәлімдеген еді.
Сондай-ақ Президент Жолдауда қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жарияланатынын айтты.