Жеті облыста республикалық маңызы бар жолдар жабылды

«ҚазАвтоЖол» АҚ ауа райына байланысты бір қатар облыста республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

31 қаңтар сағат 21.30-дағы ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 14 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысында – 2 учаске

1. "Самара-Шымкент" 776-965 км, Ақтөбе қ. -Қарабұтақ к. – 189 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді.

2. "Самара-Шымкент" 1153-1240 км, М-32 және А-26 жол айырығынан-Қызылорда обл. шек.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады. (Қызылорда облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).

Алматы облысында – 3 учаске

1. "Алматы-Ташкент-Термез" 59-143 км, Жаңақұрылыс а. -Жамбыл обл. шек. – 84 км.

2. "Алматы-Шелек-Қорғас" 24-254 км, Панфилов а. -Жетісу обл.шек. – 230 км.

3. "Алматы-Өскемен" 25-72 км, ААП-Қонаев қ. – 47 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады. (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Жамбыл облысында – 3 учаске

1."Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен а. - Қайнар а. – 79 км.

(бұрқасын, шектеулі көрініс).

2."Алматы-Ташкент-Термез" 143-214 км, Қордай а. -Алматы обл. шек. – 71км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады. (Алматы облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты ).

3."Алматы-Ташкент-Термез" 238-334 км, Қайнар а. -Мерке а. – 96 км.

(Алматы облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты). Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді.

Жетісу облысында – 1 учаске

1. "Алматы-Өскемен" 124-254 км, Алматы обл.шек. -г. Талдықорган қ. – 130 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді. (қар, шектеулі көрініс).

Қызылорда облысында – 2 учаске

1. "Қызылорда-Павлодар" 12-216 км, Қызылорда қ. -Ұлытау обл. шек. – 204 км.

2. "Самара-Шымкент" 1240-2055 км, Ақтөбе обл. шек.-Түркістан обл. шек.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс).

Ұлытау облысында – 2 учаске

1. "Қызылорда-Павлодар" 216-410 км, Қызылорда обл.шек. -Талап а. - 194 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады. (Қызылорда облысындағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты).

2. "Жезқазған-Петропавл" 252-335 км, Ұлытау к.- Қостанай обл. шек.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс).

Қостанай облысында-1 учаске

1. "Жезқазған- Петропавл" 252-335 км, Ұлытау обл. шек.- Арқалық қ.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы