Жеті нокдаун. Титул үшін титықтаған күн

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лас-Вегаста өткен бокс кешінде WBC титулы үшін америкалық Хосе Сепеда мен бірінші жартылай орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы белоруссиялық Иван Баранчик арасындағы жекпе-жек ауыр нокаутпен аяқталды. 

Ал нокаутқа дейін қарсыластар бір-бірін бірнеше реттен нокдаунға түсірді.

Vesti.kz сайтының мәліметіне қарағанда, бірінші раундта Баранчик қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. 

Алайда екінші раундта керісінше болды - енді Сепеда белоруссиялық боксшыны екі рет есеңгіретті. Одан кейін Амеркиалық боксшы Баранчикті 3 және 4 раундта да құлатқанымен, нокаутқа дейін жеткізе алмады. 

Бесінші раундта Баранчик бар күшін жиып, Сепеданы шайқалтады. Төреші санай бастайды, дегенмен, Сепеда аяғына тұрды. Осы кезде Баранчик шабуылын аяқтау үшін ұмтыла кеткенде, жағынан ауыр соққы алады да, сол күйде тұра алмай қалды. Осылайша, Сепеда Нокаутпен жеңіске жетті. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы