Жеті күнде 3 мыңға жуық қылмыс жасалған - ІІМ
Өткен аптада республикада 2800-ден астам қылмыс жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.
Бір апта ішінде 2870 қылмыс жасалды, оның 1702-сі тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған министрлік өкілі.
Айтуынша, тәртіп сақшылары «ізін суытпай» бірнеше қылмысты әшкерелеген.
Тәртіп сақшылары «ізін суытпай» 9 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 32 тонау және 392 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ел бойынша 600 медиатор тегін курстан өтеді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы