Жеті боксшы Thailand Open турнирінің жартылай финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жеті боксшы Thailand Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ширек финалдық бәсекенің алғашқы күнінің нәтижесі бойынша жеті спортшы жартылай финалда жұдырықтасады. 5 сәуірдегі жекпе-жектердің нәтижесін ұсынамыз.

Тимур Нұрсейітов (75 келі) - Сумит (Үндістан) - 0:5 (27:30, 27:30, 27:30, 27:30, 27:30)

Аятулла Тәкіжанов (75 келі) - Борворн Кадамнуан (Таиланд) - 5:0 (30:26, 30:26, 29:28, 30:27, 29:28)

Сағындық Тоғамбай (91 келі) - Нгуен Ман Куон (Вьетнам) - үшінші раундта жекпе-жек тоқтатылып, жеңіс Тоғамбайға берілді.

Айбек Оралбай (91 келі) - Гаурав Чаухан (Үндістан) - 4:1 (30:27, 30:27, 30:27, 30:27, 29:28) 

Санатәлі Төлтаев (63 келі) - Чу-Эн Лай (Қытайлық Тайбэй) - 3:2 (28:27, 27:28, 26:29, 29:26, 28:27)

Сұлтан Мусинов (63 келі) - Ву Тан Дат (Вьетнам) - Мусинов алғашқы раундта жеңіске жетті 

Асланбек Шымбергенов (69 келі) - Маржон Пианар (Филиппин) - Үшінші раундта жекпе-жек тоқтатылғандықтан жеңіс Аслан Шымбергеновке берілді.

Айта кетерлігі, Сәкен Бибосынов пен Серік Теміржанов 1/4 финалындағы жекпе-жектерін 6 сәуір күні өткізеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы