Жеті адамның өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шықты
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 7 адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сот мәліметінше, 2025 жылдың 5 шілдесінде жүргізуші D. "Kia Sedona" автокөлігімен Алматы – Екатеринбург трассасының 791-шақырымында жол ережесін бұзып, жол жиегіндегі шұңқырға түсіп, кейін темір қоршауға соғылған.
Көлік өртеніп, салонда болған 7 жолаушы қаза тапқан. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - делінген хабарламада.
Сот тергеуі барысында жүргізушінің кінәсі толық дәлелденді. Прокурор 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраса, сотталушының қорғаушысы ең төмен жаза тағайындауды өтінді.
Сот жеңілдететін мән-жайларды – айыпталушының жас баласының барын және өкінуін ескеріп, Д.-ны 5 жылға бас бостандығынан айырып, көлік басқару құқығынан 7 жылға шектеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы