Жерорта теңізінде қайықта тоғыз адам қайтыс болды

Жерорта теңізінде қайықта тоғыз адам суық пен шөлден қайтыс болды , деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тірі қалғандар итальяндық билікке қайықта 50-дей адам болғанын айтқан.

The Guardian басылымы таратқан мәліметке сәйкес, жолаушылар Тунис арқылы шекараны кесіп өтпекші болған. 

Италия билігі қаза болғандар арасында жүкті әйел мен сәбидің болғанын айтты. 

Қайықтан құтқарылғандар Италияның Лампедуза аралына түскен соң тергеушілерге төрт айлық сәби мен оны ұстап отырған анасы екеуі қайықтан сырғып түсіп, естерінен танып, суықтан тіл тартпай кеткенін растады.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы