28 Ақпан 2023 2023, 15:32
Фото: csp-parasport.kz
Жерлесіміз жеңіл атлетикадан Гран-приде жеңіске жетті
Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясында қазақстандық Руфат Хабибуллин F-64 классында найза лақтырудан 41,83 м қашықтықты көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясында қазақстандық Руфат Хабибуллин F-64 классында найза лақтырудан 41,83 м қашықтықты көрсетіп, алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Екінші орындағы Камерун спортшысы 40,93 м нәтижесін көрсетсе, үшінші орын 32,71 м көрсеткішімен Маврикий спортшысына бұйырды.
Айта кетсек, пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясы Дубай қаласында өтуде. Жарысқа әлемнің 61 мемлекетінен 545 спортшы қатысуда.