Жергілікті стартап АҚШ нарығына шықты – Бағдат Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әріптестерін Ғарышкерлер күнімен және eGov-тың 16 жылдығымен құттықтады.

Бүгін құттықтауға толы күн болды! Таңертең әріптестерімді Ғарышкерлер күнімен және eGov-тың 16 жылдығымен құттықтадым. Біздің елді дамудың жаңа деңгейіне жетелейтін әлеуеті зор екі үлкен сала. 

Сонымен қатар министр қазақстандық стартап АҚШ нарығына шыққанын хабарлады. 

Тағы бір қуанышты жайт – жергілікті стартаптың АҚШ нарығына шығуы. Қаншалықты қарапайым болса, соншалықты жасампаз Алексей Ли бүгіннен бастап қазақстандық сервисті америкалықтарға ұсына бастады. 

Алексей Ли – Қазақстанды жаңа қырынан танытып жатқан адам (компанияның құны 1 млрд доллардан асады). Арбуз.кз енді ғана іске қосылған кез есімде, Алексей бір қойманың ішінде бір жыл бойы процестерді құрумен айналысты. Америкалық нарыққа шығу үшін жігіттер жан-жақты дайындалып, тіпті локацияны таңдау барысында Алматыға ұқсас қалаларды қарастырды – халық саны, ауа райы, таулы аймақ, экономикасы және т.б. Неліктен бұл мен үшін қуанышты жайт және Алексей командасына сенім артуға болады? 

1. Ол – нағыз ІТ-маман. Тикетон және Авиата компанияларын көтерудегі тәжірибесі бар. 

2. Кәсіпкерлікке қабілеті зор. Бұл сөзіме екі стартап дәлел бола алады (тикетон, авиата). Жобалардағы үлесін сәтті сатқан болатын. 

3. Тамаша команда! Arman Suleimenov Larissa Pak және т.б. Кілең өз ісінің шеберлері, басқаларға арман болған мамандар. 

Сіздер енді қатардағы стартап емес, Қазақстанның беткеұстар ІТ-өнімісіздер! Тек қана алға. Іске сәт! – деп жазды Бағдат Мусин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы