Жерге күшті магниттік дауыл жақындап келеді

2 қыркүйекте Жерде магниттік дауылдар күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күздің алғашқы күндерінде Жерде магниттік дауылдар болуы ықтимал. Бұл туралы РҒА Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасында хабарлады.

Ғалымдардың айтуынша, Күндегі плазмалық серпілістен кейін оның Жерге жету уақыты мен геомагниттік әсерінің нақты болжамы алдағы тәулікте белгілі болады.

Мамандар әсіресе қайталама жарқылдардың қауіпті екенін ескертті. Өйткені жұлдыздың энергия қоры жоғары деңгейде қалып отыр.

Бұған дейін де зерттеушілер Күн белсенділігінің күшейгенін және оның Жер үшін белгілі бір қауіп төндіретінін мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Telegram/Ipxras
Өзгелердің жаңалығы