Жердің құнарлығын арттыруға арналған заң қабылдау қажет – маман

 Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ «Тұзданған топырақтарды мелиорациялау» бөлімінің меңгерушісі, PhD Мақсат Пошанов Мемлекет басшысының жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Мамандар жолдауда айтылған инновациялық технологиялар жөнінде тоқталып өтті.

Президент жолдауында "Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді" деген еді. Инновациялық технологиялар бойынша жауын-шашынға немесе құрғақшылыққа қатысты жаңа технологиялар дамып жатыр. Дақылдардың сорттарына байланысты, тұзданған жерлерде де ауылшаруашылық өнімдерін арттыруға болады. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін, алқаптарды зерттеу, тұзданған топырақтармен күресу, мелиорация бойынша жұмыстар атқарылып, шаруаларға оң әсерін тигізуге ықпал жасауға мүмкіндік береді, - ­деді Мақсат Пошанов.

Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ «Тұзданған топырақтарды мелиорациялау» бөлімінің меңгерушісі суармармалы жерлерді барынша интенсивті пайдалану қажет екенін мәлімдеді.

­Ел экономикасына пайда әкелетін дақылдарға келер болсақ, олардың басым көпшілігі оңтүстік өңірлерде суармармалы жерлерді барынша қарқынды пайдаланылады. Оңтүстікте мақта шаруашылығын кластерін дамыту, жүгері бойынша крахмал зауыттарын салу. Бақша өндірісін қайта өңдеу, консервілеу бойынша зауыттар ашып, алға қойған мақсаттарына қадам жасау керек. Болашақта шаруаларға көмек көрсету үшін, шаруашылықты зерттеп, ауылшаруашылық жерлерінің құнарлығын арттыруға арналған заң қабылдау қажет, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы