11 Ақпан 2026, 13:17
Фото: pixabay.com
Жердің маңынан ұшақтың көлеміндей астероид ұшып өтеді
Ғалымдар жақын күндері Жерге бес астероидтың жақындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ғалымдар жақын күндері Жерге бес астероидтың жақындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның төртеуі ұшақтың көлеміндей болса, тағы бір ғарыш тасы шамамен үйдің көлеміндей екені белгілі болды.
NASA мәліметінше, диаметрі 110 метр болатын 2026 BJ8 деп аталатын астероид ең алдымен жақындайды. Ол 12 ақпанда Жерден 2 370 000 шақырым қашықтықта жанай өтіп кетеді. Сол күні тағы үш астероид планетамыздың маңынан ұшып өтеді.
13 ақпанда 2026 CA1 атауын алған тағы бір ірі астероид Жерге 1 520 000 шақырымға дейін жақындайды.
Ал ең соңында, диаметрі 180 метр болатын 1999 AO10 астероиды 14 ақпанда 2 490 000 шақырым қашықтықта Жердің қасынан өтеді.
Мамандардың айтуынша, бұл астероидтар жер тұрғындарына ешқандай қауіп төндірмейді.
- Иран қандай жағдайды кек қайтаруды тоқтататынын мәлімдеді 00:32
- Алматы тауларында қар көшкінін түсіруге заманауи технология қолданылды 12.03.2026
- Ормуз бұғазындағы шабуылдар: сегіз теңізші қаза тапты 12.03.2026
- Павлодар облысында қар құрсауында қалған 26 адам құтқарылды 12.03.2026
- Ақтөбеде аулалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды 12.03.2026
- Мәулен Әшімбаев: Жаңа сын-қатерлерді еңсерудің жасампаз жолы 12.03.2026
- Боранға байланысты бірнеше өңірде жолдар жабылды 12.03.2026