Жерді ұтымсыз пайдаланғандар мемлекетке 600 млн теңгеден астам қаражат төлейді
Атырау облысының прокуратурасы жер қойнауын пайдалану саласында заңдылықтың сақталуын қадағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Анықталғандай, «ANACO» ЖШС 2018-2023 жылдар аралығында көлемі 4 237 248 м3 шикі газдың жоғалуына жол беріліп, жер қойнауын ұтымсыз пайдаланған.
Бұл «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 125-бабының 2-тармағы және 147-бабының 4-тармағының талаптарын өрескел бұзу болып табылады (көмірсутектерді өндіру оның жоғалуын болдырмайтын әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы керек).
Қадағалау актісінің негізінде Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасымен мемлекетке келтірілген залал мөлшері есептеліп, 673 130 278 теңгені құрады.
Жер қойнауын пайдаланушымен ерікті түрде 285 000 000 теңге төленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Фоторепортаж: Алматы кітапханаларына 40 жыл толды
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы