Жерде магниттік дауыл соқты
Жер бетіне G3 деңгейлі өте күшті магниттік дауыл соқты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Ғарыштық зерттеу институты күн астрономиясы зертханасының мәліметі бойынша табиғи құбылыс 30 шілде түн ауа басталып, кеше кешке оның қуаты G3 деңгейіне жетті. Бүгін геомагниттік бұзылулар қайтадан төмендейді дейді мамандар. Олардың сөзінше, магниттік дауылдар электроника жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Сондай-ақ табиғи құбылыс ауа-райына сезімтал адамдарда ауырсыну туғызады. Алдын ала болжамға сәйкес, 2-24 тамыз аралығында магнитосфера бірқалыпты болады. Ал 25-26 тамызда дауыл қайта көтеріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда балаға күш көрсеткен ер адамның үстінен іс қозғалды
Өзгелердің жаңалығы