2 Тамыз 2026, 20:55 Фото: istockphoto.com

Жерде магниттік дауыл соғады: Қазақстанда шарықтау шегі қашан болады?

Күндегі жарқылдан кейін Жерге плазма бұлты жетіп, магниттік дауыл туғызады.

2 тамыз кешінде Жерге тамыз айындағы алғашқы магниттік дауыл жетеді. Оның себебі – Жерге шеті ғана тиетін Күн плазмасының бұлты.

Алдағы ғарыштық құбылыс туралы Ресей ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты (ИКИ) жанындағы Күн астрономиясы зертханасының мамандары ескертті.

Мамандардың айтуынша, негізгі плазма ағыны Жерден сыртқа қарай бағытталғанымен, оның әсерінен толықтай құтылу мүмкін емес. Геомагниттік белсенділікке 30 шілде, бейсенбі күні кешке тіркелген M1.9 деңгейіндегі Күн жарқылы себеп болған. Сол сәтте рентген сәулеленуін бақылайтын құрылғыларда бес сағатқа созылған ақау болып, бақылау графиктерінде уақытша үзіліс пайда болған.

Астрофизиктердің болжамынша, магниттік дауылдың ең жоғары белсенділігі Қазақстан уақытымен 20:00 мен 23:00 аралығына сәйкес келеді.

Плазма ағынының негізгі бөлігі Жерден сыртқа қарай бағытталғанымен, есептеулер бойынша оның шеті планетамызға тиеді. Әдетте мұндай жағдайда ықтималдық 50 де 50 болады. Алайда бұл жолы оның Жерге жету мүмкіндігі әлдеқайда жоғары. Біріншіден, плазманың бір бөлігі бақылаушы бағытында қозғалып бара жатқаны суреттерден анық көрінді. Екіншіден, 30 шілдеден 31 шілдеге қараған түні Жерге ауыр зарядталған бөлшектер жетіп, шағын радиациялық дауыл тудырды. Әдетте мұндай бөлшектерден кейін плазма ағынының негізгі фронты да келеді, – деп түсіндірді ғалымдар.