Жерде G2 және G3 класындағы магниттік дауылдар басталды
Жердің магнит өрісіне күн плазмасының ірі бұлты енгеннен кейін планетада G2 және G3 класындағы магниттік дауылдар тіркелді. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты мен Күн-Жер физикасы институтының мамандары мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ғалымдардың болжамынша, алдағы уақытта Жердің магнит өрісіндегі ауытқулар күшейе түсуі мүмкін.
Аврораның негізгі аймағы Скандинавия елдері мен Канадада қалыптасады, – деп атап өтті зертхана мамандары.
Астрофизик Сергей Богачевтың айтуынша, күн плазмасының алып бұлты Жерге күтілген мерзімнен бір тәулік бұрын жеткен. Қазір Күн желінің жылдамдығы секундына 1000 шақырымнан асып, өте жоғары температура мен тығыздық байқалып отыр.
Оның айтуынша, Жерге жылдам плазмалық талшық жеткен, алайда негізгі газ бөлігі кейінірек келуі мүмкін. Егер қазіргі ағын негізгі шығарылым болса, онда жақын арада бесінші деңгейге дейін жететін аса қуатты магниттік дауылдар туындауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ-тағы Колорадо әуежайында қону кезінде екі ұшақ соқтығысты
Өзгелердің жаңалығы