Жерасты газгольдері өртеніп, 850-ден астам адам эвакуацияланды
ТЖМ құтқарушылары Павлодарда газгольдердегі газдың жануын сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, қаладағы Жеңіс алаңы көшесіндегі ашық аумақта газгольдердегі газ жанған.
Өрт сөндірушілер 2 шаршы метр алаңдағы жер асты газгольдерде орналасқан газ ауа қоспасының жедел сөндіруге және оны салқындатуға кірісті. Оқиға орнында ТЖД басқаруымен жедел штаб құрылды. Адамдардың қауіпсіздігі мақсатында жақын орналасқан ғимараттардан 850-ден астам адам эвакуацияланды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ эвакуацияланған халықты жылыту үшін 3 автобус және аталмыш орынды қоршауға 3 полиция экипажы тартылды.
Адамдар жақын орналасқан ғимараттардан эвакуацияланды. Қазіргі уақытта суды үздіксіз беру ұйымдастырылып, газгольдерді салқындату жүріп жатыр. Пропан-бутан қоспасының жануы бақылауда, - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД бастығы Рустамбек Амрин.
Өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ.