Жер үй салатындар зейнетақы қорындағы ақшаны қалай пайдаланады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де өткен брифингте бұл сұраққа Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев жауап берді.

Жер үй саламын дегендер зейнетақы қорынан қаржыны қалай алады? Жер үй салуға деген қаржы қалай бақыланады. Әдетте жер үй салушылар жұмысшыны құжатсыз жалдайды. Құрылыс заттарын базардан құжатсыз алады, деп журналист брифингке қатысушыларға сауал жолдады.

Біріншіден, шын мәнінде өзінің жеке тұрғын үй құрылысына қаражат қажет болатын болса, міндетті түрде құжат жинауы тиіс. Тиісті келісімшарттар болуы керек. Өйткені қазіргі күні жеке тұрғын үй құрылысы барысында лицензиясы бар құрылыс компанияларының қызметін пайдалануымыз қажет. Солардың рұқсатымен, лицензиясымен құрылыс жүргізілуі тиіс. Яғни сол құрылыс компаниясымен, технадзормен екі ортада тапсырыс берушінің арасында келісімшарт болуы міндетті, - деді ол.

Сондай-ақ, құжатсыз құрылыс жүргізсе, ертең зейнетақы қорындағы қаржыны жұмсай алмайтынын айтты.

Құрылыс компаниясы атқарылған жұмыстар актісін тапсырған кезде бүкіл құжаттарды, яғни сауда орындарынан алған заттарының бағасы, саны, сапасы жөнінде толық құжат жинап өткізеді, - деп түсіндерді Еркебұлан Дауылбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы