Жер учаскелерінің картасы жасақталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер учаскелерінің картасы жасақталады. Бұл туралы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев Қазақстан құрылысшылар одағы ұйымдастырған онлайн конференция барысында айтты.
Жер учаскелеріне ие болу тек аукцион немесе ӘКК, инвестициялық келісім арқылы ғана жүзеге асырылады. Қандай да бір жер учаскелерін көрсетпей отыр деп айту ақылға қонымсыз. Себебі, барлық берілетін жер учаскелері туралы ақпарат қала әкімдігі мен біздің басқарманың сайтында үнемі жарияланып тұрады. Біздің сайтты жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз, - деді Нұрлан Ұранхаев.Оның айтуынша, басқарма жер учаскелерін таңдаумен айналыспайды.
Келушілер қандай жер учаскесін қалайтынын таңдап келеді. Біздің жұмысқа қатысты барлық қажетті ақпарат сайтта бар. Біз қазір бар ақпаратты мемлекеттік техникалық қызметке бағыттадық. Кейін карта барлығына қолжетімді болады. Яғни, саланы цифрландыру жүзеге асырылып жатыр, - деді ол.
Өз кезегінде 2Gis өкілі Андрей Судаков компания жер учаскелерінің картасын жасақтауға жәрдемдесе алатынын жеткізді.
Біз сайтты қажетті ақпаратпен толықтырып, құрылымдық жағынан нақты, түсінікті картографияға біріктіре аламыз. Бұл форматпен әркез жұмыс істеуге ашықпыз. Азаматтардың қолайлығы үшін осы сынды жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Бұл жұмыс істеушілердің өзара іс-қимылын жеңілдетуге мүмкіндік беретін еді. Оған көп жыл керек емес. Осы салада белгілі тәжірибе бар. Сол бойынша жұмыс істесе, өте тиімді болатын еді, - деді ол.
Оның айтуынша, картографиялық сегментте өзіндік арнайы талаптар бар.
Біз қазір коммерциялық ұйымбыз. Сол үшін бірге жүзеге асырылатын шараларда біздің қаншалықты қатыса алуымыз да алдын ала қаралуы керек. Бір шешімге келуге болады деп ойлаймын, - деді ол.
Нұрлан Телманұлы мемлекеттік жер кадастрынан кейін жер учаскелері қолжетімді болатынын айтты.
Бұл сертификация 2-3 айды қажет етеді. Оны өткен соң, біз арқылы сіздер бұл порталға өте аласыздар. Құпия бойынша жұмыс істеу өте түсінікті. Қазір бұл жұмыстарды жүзеге асырып жатырмыз. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша инженерлік жүйелер цифрланады. Алайда, олардың барлығы, айтқандай, бәріне қолжетімді болмайды, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
100 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Өзгелердің жаңалығы