Жер сілкінісінен кейінгі мониторинг: қираған нысандар жоқ
"Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің мамандары елдің оңтүстігінде жер сілкінісінің сезілуіне байланысты өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді тексеріп, мониторинг жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ететін маңызды нысандар араланып, олардың техникалық жағдайы бағаланды.
Тексеру қорытындысы бойынша ешқандай зақымдану тіркелген жоқ. Барлық нысандар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - делінген хабарламада.
Мекеме өкілдерінің айтуынша, қазіргі кезде өңірлердегі жағдай тұрақты.
Еске сала кетейік, бүгін Астана уақытымен 18:44-те Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 2 баллдық деңгейде сезілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СҚО-да жүргізуші жолда есінен танып қалған
Өзгелердің жаңалығы