Жер сілкінісінен кейін Ауғанстан гуманитарлық апат алдында тұр

Ауғанстанда зілзаладан кейін жүздеген мың адам баспанасыз әрі күнкөріссіз қалып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Том Флетчер халықаралық қауымдастықты шұғыл түрде көмекті арттыруға шақырды.

Айтуынша, зардап шеккендердің арасында қақтығыстар мен қоныс аударулардан ондаған жыл бойы инфрақұрылымы мен экономикасы әлсіреген шалғай аймақ тұрғындары бар. Иран менПәкістаннан оралған, тұрмысын қайта түзеуге енді кіріскен көптеген отбасы тағы да ауыр жағдайда қалған.

БҰҰ жаһандық гуманитарлық бағдарламаларды қаржыландырудың қысқаруы салдарынан маңызды медициналық және азық-түлік қызметтері тоқтағанын, әуе қатынасы шектелгенін және түрлі көмек жобаларының қысқарғанын еске салды.

Қосымша ресурстар жұмылдырылмаса, қайғы-қасірет көлемі артады, ал қыстың жақындауы жағдайды одан әрі қауіпті етеді, — деп атап өтті Флетчер.

БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық топтары үйлестіруші Индрика Ратваттенің басшылығымен жұмысын жалғастырып жатыр. Трагедиядан кейін алғашқы сағаттарда Гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы уақытша баспана, азық-түлік, су, медициналық көмек және логистика үшін 10 млн доллар бөлді.

Еске салайық, бұған дейін Ауғанстандағы жер сілкініп, көптеген тұрғын қаза тапқаны туралы жаздық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы