Кеше 2026, 22:15
Фото: freepik
Жер сілкінісіне байланысты жедел желі іске қосылды
Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Жер сілкінісіне байланысты Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар үшін жедел желі телефондарын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тұрғындар төтенше жағдайға қатысты ақпарат алу немесе көмек сұрау үшін келесі нөмірлерге хабарласа алады:
8 (7262) 51-35-75
8 (7262) 51-41-67
Бұған дейін ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» сейсмикалық станциялар желісі 3 сәуір күні Астана уақытымен 21:13-те жер сілкінісін тіркеген болатын. Жер дүмпуі Қазақстанның бірқатар өңірінде сезілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Мамандардың негізгі ұсынымдары:
- Үрейге бой алдырмау;
- Лифт пен баспалдақты пайдаланбау;
- Терезе мен ауыр жиһаздардан алыс тұру;
- Қауіпсіз жерге жасырыну (ішкі қабырғалардың бұрышы);
- Жер сілкінісі тоқтаған соң ғимараттан шығу;
- Мүмкіндік болса, газ, су және электр қуатын өшіру;
- Алдын ала дайындалған дабыл сөмкесін өзіңізбен алу;
- Электр желілері мен ғимараттардан алыс болу;
- Балаларға, қарттарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.