Жер сілкінісі Жетісуда да сезілді

Алматыдағы жер сілкінісінің салдары Жетісу облысында да сезілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше, жер асты дүмпуін алдымен Талдықорған,Текелі қаласы және Панфилов ауданының тұрғындары байқаған. Әзірге аймақта зілзаладан зардап шегу туралы қандай да бір мәлімет тіркелген жоқ.

Еске сала кетейік, Алматыда 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы.

Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.

Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілген.

Мегаполистің бас құтқарушысының мәліметінше, жарақат алғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы