5 Қараша 2024 2024, 12:05 Фото: pixabay.com

Жер сілкінісі Талғардағы камераларға түсіп қалған

Әлеуметтік желілерде тараған видеода жер дүмпуі мен гуілдеген дыбысты естуге болады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода жер дүмпуі мен гуілдеген дыбысты естуге болады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жазбадан жер сілкінісінен жердің айтарлықтай қатты дірілдегенін көруге, ал дыбыс шуылға ұқсайтынын естуге болады.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 11:30-дағы жағдай бойынша Алматы қаласының тұрғындарынан «112» желісі бойынша 104-ке жуық, ал Алматы облысы бойынша 120-ға жуық ақпараттық сипаттағы қоңыраулар түскен.

Бүгін Астана уақытымен сағат 10:01-де Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінген еді. Алматыда неліктен жер сілкінісіне байланысты хабарландыру болмағаны туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, жер сілкінісінен кейін Талғарда сабақ тоқтатылғаны белгілі болды.