Жер сілкінісі: құлаған ғимарат астында қалып, қаза тапқандар саны 50-ден асты

Таиланд астанасы Бангкокта салынып жатқан Бас аудитор басқармасының ғимаратының құлауынан қаза тапқандар саны 51 адамға жетті. Бұл туралы Таиланд астанасының әкімшілігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Report-қа сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта құтқару қызметтері іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Мамандардың болжамынша, 30 қабатты ғимараттың қирандыларының астында әлі де 43 адам болуы мүмкін.

Айта кетейік, 28 наурыз күні Мьянма аумағында магнитудасы 8,2 болатын жойқын жер сілкінісі орын алған болатын. Таиланд метеорологиялық департаментінің мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Таиландқа жақын орналасқан, салдарынан жерасты дүмпулері елдің солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық және оңтүстік аймақтарында, сондай-ақ Бангкок пен оның маңында қатты сезілді.

Мьянмада жер сілкінісі салдарынан 2,7 мыңнан астам адам қаза тапты. Жойқын дүмпулер Таиландтың инфрақұрылымына да үлкен залал келтірді. Бангкок билігі сейсенбі күні қаладағы ахуалдың тұрақтануына байланысты төтенше жағдай режимін алып тастады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы