11 Қыркүйек 2023 2023, 12:21
Фото: ТЖМ
Жер сілкінісі кезіндегі ережелер пысықталады
Елімізде жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша ауқымды оқу-жаттығу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Елімізде жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша ауқымды оқу-жаттығу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
"Жер-2023" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қазақстандық республикалық қызметтерден басқа Әзірбайжан, Венгрия, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан елдерінің авариялық-құтқару қызметтері қатысады.
Республикалық штаб Алматы қаласында орналасқан. Сейсмикалық жаттығулар барысында тұрғындар жойқын жер сілкінісі кезіндегі жүріс-тұрыс ережелерін үйренеді. "Жер-2023" оқу-жаттығуы екі күнге созылады.