Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде азаматтарға өзін қалай ұстау керек екені жөнінде қағидаларды еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Еске салайық, ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 2024 жылғы 2 қарашада Астана уақытымен 10:50-де жер сілкінісін тіркеді.
Ведомствоның хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде орналасқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы маңындағы жиһаз цехында өрт шықты
Келесі жаңалық
14 өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы