8 Шілде 2025 2025, 15:31 Фото: pixabay.com

Жер сілкінгенде не істеу керек?

Жер сілкінген жағдайда не істеу керек? Төтенше жағдайлар министрлігінің ұсынысына назар аудараңыздар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жер сілкінген жағдайда не істеу керек? Төтенше жағдайлар министрлігінің ұсынысына назар аудараңыздар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкінген кезде лифт және баспалдақ қолданбаңыз;
  3. Жиhаздан, терезеден, әрі тұрыңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
  5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Бүгін ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақытымен 14:30-да жер сілкінісі тіркегенін еске сала кетейік.