Жер қойнауын игеруге байланысты келісімшарт талаптарының сақталуы тексеріледі

ИИДМ жер қойнауын игеруге байланысты келісімшарт талаптарының сақталуын тексереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жер қойнауын пайдаланушылардың қатты пайдалы қазбаларға байланысты келісімшарттар мен лицензиялар талаптарының орындалуын бақылап, мониторинг жүргізу туралы бұйрыққа қол қойды.

Осы арқылы аталған мониторингтің аясында еліміздің барлық өңіріндегі кен орындарында 24 шілдеден бастап тексеру жұмыстары жүргізіледі.

 Бірінші кезекте лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерді сақтамаған жер қойнауын игерушілердің қызметіне бақылау шараларын іске асыру көзделген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы