Жер мәселесін кезең-кезеңімен шешу өзін-өзі ақтады - Мұхтар Тайжан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қоғамдық кеңестің мүшесі, экономист Мұхтар Тайжан  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметтің кеңейтілген отырысындағы тапсырмаларына қатысты пікір білдірді.

Маған президенттің айтқан сөзі ұнады. Жалпы, алған беті, ниеті, бағдары дұрыс. Бізді тыңдап, оқып отырғаны байқалады. Әрине, әйтсе де, тікелей эфирден көрсек жақсы болар еді. Медициналық-әлеуметтік сақтандыру қоры, "СҚ-Фармация" жергілікті өзін-өзі басқару, жаңа кадрлар, мемлекеттік басқару жүйесі, Үкіметтің отставкасы туралы айтқандарының барлығына қосыламын. Алайда жалғыз мен ғана емес, барлығымыз үшін жерге қатысты мына: "Жер шетелдіктерге сатылмайды - бұл мәселеге енді оралмаймыз. 2021 жылы мораторий аяқталғанша бұл мәселені түпкілікті шешу керек" деген мәлімдемесі тағдыршешті сөз деп санаймын, - деп жазды Мұхтар Тайжан Facebook-тегі парақшасында.

Ол үлкен мөлшердегі жер телімдері, яғни ауыл шаруашылығы жерлері жеке меншікке ешкімге сатылмауы керек деп санайды. 

Қазақстан азаматтарына да, шетелдік үлесі бар фирмаларға да тек жалға берілуі тиіс. Мұның барлығы жаңа заңда реттелуі тиіс мәселелер. Жер тағдырымен 2016 жылдан бері айналысып жүрмін. Сондықтан айтарым, бұл мәселені кезең-кезеңмен шешу тактикасы өзін ақтады. Алдымен, 5 жылдық мораторий жарияладық (уақыттан ұттық), енді нақты шешім қабылдаймыз. Жер мәселесі – ірі латифундистердің көптеген миллиардтық мүддесі бар өте күрделі мәселе. Барлығын бірден 2016 жылы шешіп тастау мүмкін емес еді – саяси ахуал оған жол бермеді. Өмірде де өзі мұндай жағдайлар болады, бәрі бірден орнай салмайды. Бірақ, ең бастысы – ақырғы нәтиже. Мұның барлығы халықтың өзінің патриотизмі, барлығымыздың қанға сіңген өз жеріне деген махаббатының арқасында мүмкін болды, - дейді қоғам белсендісі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы