Жер қойнауын пайдаланушылар бірінші жартыжылдықта бұзушылықтар үшін 800 млн теңге төлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға әкімшілік бұзушылықтар мен жер қойнауын тиімсіз пайдаланғаны үшін 778 млн теңгеге шағым түсірді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

   2021 жылдың қаңтар-маусымында көмірсутегі, газбен жабдықтау және мұнай өнімдері саласындағы мемлекеттік бақылау шеңберінде Энергетика министрлігі 94 тексеруді аяқтады. Оның ішінде рұқсат беру бақылауы – 62 (газ желісі ұйымдарын аккредиттеу, көмірсутектер саласындағы лицензиялау), жоспардан тыс тексерулер – 20.

Жалпы сомасы 38,4 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынып өндірілді. Бірінші жартыжылдықта жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін 739,6 млн теңге сомасында залал есептелді, оның ішінде 712 млн теңге өндірілді, - деді Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның мәліметінше, 2020 жылы Энергетика министрлігі 169 тексеру жүргізген, оның ішінде рұқсат беру бақылауы – 125. Нәтижесінде 47,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынып, өндіріп алынды, жер қойнауын тиімсіз пайдаланғаны үшін шағымдар 1 млрд 833 млн теңгені құрады, оның 646 млн теңгесі төленді.

Қалған 1 млрд 187 млн теңге сомасына жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін залалды өндіріп алу бойынша жұмыс жүріп жатыр, - деп толықтырды Қарағаев.

 

 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы