Жер қатынастары бойынша басты 3 проблема бар – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оның негізгісі ол ұзақ және күрделі процестер, деді ҚР Цифрлық даму, иновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бүгінгі Үкімет отырысы барысында.

Жер қатынастары бойынша басты 3 проблема бар. Біріншіден, ол ұзақ және күрделі процестер, екіншіден, жер учаскелері шекараларының сәйкестігіне байланысты көптеген шағым келіп түсуде және әр өңірде аудан деңгейінде 200-ден астам деректер қоры бөлек пайдаланылуда. Ол ақпараттық қауіпсіздік және адами фактор тәуекелдеріне әкеледі. Қазіргі таңда көптеген координаттық жүйе қолданылуда. Ал картографияның, геодезияның, навигацияның негізгі жетістіктерін пайдалану үшін бізге қазақстандық координаттық жүйе қажет. Осы мақсатта «Цифрлық Қазақстан» аясында ұлттық кеңестер инфрақұрылымы жобасын 2024 жылға дейін іске асыру жоспарлануда, - деді ол. 

Министр «Цифрлық Қазақстан» аясында жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жобасы іске асырылатынын айтты.

Сонымен қатар, жер саласында есептік кадастрының екі түрі қолданылуда. Ол 200-ден астам жер кадастрлары және жылжымайтын мүлік тіркелімі деректер қоры. Жер учаскесі, техникалық сипаттамасы, оның иесі туралы және т.б. ақпарат осы екі кадастрда қайталанып тіркеледі. Оларды біріктіру жер қатынастары бойынша процестерді автоматтандыру құжаттар саны мен мерзімдерді қысқартуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта «Цифрлық Қазақстан» аясында жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жобасы іске асырылады. Жыл соңында техникалық жұмыстар аяқталады. Оны келесі жылы іске қосамыз, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы