Жер кадастырының ашықтығын қамтамасыз ететін заң Парламентке ұсынылатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында комиссия мүшелері екі заң нормасын Парламентке ұсыну жөнінде шешім қабылдады.

Отырыс барысында Парламент депутаты және Жер реформасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Барлыбаев бір ай көлемінде жер мәселесі бойынша бірқатар талқылау өткізіп, бүгінге екі мәселені нақты шешу үшін ол туралы заң шығару қажеттігін айтты.

Оның біріншісі, жер кадастры деректерінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында жалға берілген жерлер бойынша кадастрлық ақпаратты, оның ішінде жер иесі болып табылатын заңды тұлғаның атауын немесе жеке азаматтың аты-жөнін ҚР азаматтарының көруіне жол ашатын заң нормаларын әзірлеу және Парламенттің қарауына енгізу ұсынылды.

Екінші мәселе, Ауыл шаруашылығы министрлігіне елді мекендер айналасында белгіленген радиус шегінде қоғамдық жайылымдар үшін жерлерді резервтеуді көздейтін тиісті нормативтік-құқытық актілерді әзірлеп, қабылдау ұсынылды.

Жер комиссиясындағы жұмыс тобы бұл мәселе жөнінде бір айдай жұмыс істеп, біздің қарауымызға осы заңды енгізуді ұсынып отыр. Біз оны саралап шықтық. Сондықтан бұл мәселе бойынша шешім шығаруға болады, - деді Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов.
Отырыста комиссия мүшелері дауыс беру кезінде бұл шешімді бірауыздан қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы