Жер-біздің негізгі байлығымыз және жер ресурстарын дұрыс пайдалану өте маңызды - Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер-біздің негізгі байлығымыз және жер ресурстарын дұрыс пайдалану өте маңызды.

Бұны цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Министр жазбасында әкімдіктермен бірге жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын (ЖМБМК) енгізу жұмысымен айналысып жатқанын атап өтті.

Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МЖК ААЖ) мен «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорының (ЖМТ МДҚ) шашырап жатқан 226 базасы осы ЖМБМК-да тоғыстырылған.

Жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы ақпаратты онлайн жұмыс істейтін Жария кадастрлық картадан алуға болады. Жерге қатысты барлық үдерістерді ашық және түсінікті ету – басты мақсатымыз, -деді ведомства басшысы.

Оның айтцынша, бұл жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған алғашқы қадам.

Жақында Қызылорда облысындағы үш жер учаскесі сәтті сатылды. Олардың бірі бастапқы бағасы 1,5 млн теңге болған кезде «электрондық» балға арқылы 2,8 млн теңгеден астам қаржыға, ал екіншісі 246 мың теңгеге, үшіншісі 396 мың теңгеге сатылды, -деді ол.

Сондай-ақ Мусиннің сөзінше, Ақтөбе мен Алматы облыстарында да бірнеше жер телімдерін сату жоспарлануда.

Онлайн-аукцион тәжірибесі бүкіл республикаға таратылады. Осының арқасында мемлекеттен жер сатып алу процесі барынша ашық өтуде. Әрбір қазақстандық онлайн-аукционға қатыса алатынын еске сала өтейін.

Бұл жоба «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, Ауыл шаруашылығы, Әділет министрлігі, Ұлттық ақпараттық технологиялар және облыстық әкімдіктердегі әріптестеріміздің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды, -деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Facebook-тегі парақшасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы