Жер бетіндегі барлық жануарды қорғайық – оқушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балаларға арналған "Жануарлар – менің достарым" сурет байқауы 1 сәуірде басталды. Осы уақыт аралығында байқауға 3 мыңнан астам бала өтініш жіберген, деп хабарлады "Балалар әлемді бейнелейді" қоғамдық қорының баспасөз қызметі.
Жас таланттар сурет салып қана қоймай, эссе жазып, жануарларға мейірім танытуға және оларды жақсы көруге шақырады. Байқау маусым айының соңына дейін жалғасады. Шараға елдің түкпір-түкпірінен балалар қатысып жатыр.Эсселер ішінде аңшылықты сынға алғандар да бар. Бір сөзбен, жас ұрпақ тірі жанға қиянат жасауға болмайды деп дабыл қағады.
Ересек және есті адамдар кішкентай ғана әлсіз төрт аяқтыларды қалайша қаңғытып жіберетіні менің ақылыма сыймайды. Тым болмаса оларды иесі жоқ жануарларға арналған орталыққа өткізуге болады ғой. Адамгершілігімізді жоғалтпайық, үй жануары мен жер бетіндегі барлық жануарды қорғайық. Және өтінерім, үйсіз қалған жануардың жылы ұя, сүйікті қожайын табуына көмектесейік, - деп Сарыөзектің оқушысы Ақжан Қайырбекқызы өз эссесінде жазған.
Байқау Қазақстан Президентінің қамқорлығымен БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында, өтіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда "Өз еліңді бұзба" муралы салынды
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы