«Жер алып беремін» деген алаяқ ұсталды
Шымкентте «Жер алып беремін» ден танысын сан соқтырып кеткен азамат ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ otyrar.kz-ға сілтеме жасап.
Абай аудандық полиция басқармасына арызданған жергілікті тұрғынның айтуынша, танысы «Шымкент қаласынан жер алып беремін» деп, 2 000 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған.
Аталған дерек ҚК-тің 190-бабымен тіркелді. Жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдікті азамат қала аумағынан тәулік ішінде қолға түсірді.
Ол Түркістан облысының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған, жұмыссыз азамат екені белгілі болды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Жәбірленушіге келтірілген шығын толықтай өтелді.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін республиканың 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы