ЖЭО. Смайылов Энергетика министрлігіне тапсырма берді

Келесі жылдан бастап жылу желілерін жөндеу бойынша ауқымды бағдарлама басталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Баспасөз бен әлеуметтік желідегі шағымдарға қараңыздар. Барлық өңірден мыңдаған шағым бар. Бұл бір күннің ғана проблемасы емес. Жылдар бойы қордаланып келді. Желілердің техникалық жағдайын тексеруді жалғастыру керек, – деді Премьер-министр.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне электр станцияларын тексеруді 2023 жылдың І тоқсанында аяқтауды тапсырды.

Бұл салада қалыптасқан нақты жағдайды білу үшін тексеру жұмыстары сапалы әрі ешқандай бұрмалаусыз, шынайы жүруі тиіс. Келесі жылдан бастап жылу желілерін жөндеу бойынша ауқымды бағдарлама басталады. Бірінші кезекте тозу деңгейі 70 пайыздан асып кеткен жылу желілері ауыстырылады. Мұндай желілер 1600 км-ден асады. Екінші кезеңде 4 мың километрге жуық желі жаңартылады, – деді Үкімет басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы