ЖЭО-дағы ақау. Теміртаудың "Ескі қала" ауданында температуралық режим реттелді

Ескі қала үйлеріндегі температура кестесі қалпына келтірілді, яғни 86/64 жоспарында 88/67 құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ҚарГРЭС-1-де багерлік сорғының су басуына байланысты қазандық агрегаттары резервтік отынға (мазут) ауыстырылды. 

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қажетті жабдықтар мен станцияның отын қоры мол, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше ҚарГРЭС-1-дегі багерлік сорғының авариялық сөнуі салдарынан станцияның қазандық агрегаттары резервтік отынға (мазут) ауыстырылған болатын. Бұл жайтқа қатысты Жедел штаб құрылды. Технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы