Жеңісімді сәбилердің рухына арнаймын – Қанат Ислам

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Қазақстандық спортшы Қанат Ислам жекпе-жектегі жеңісінің қорытындысында сөйлегенінде жеңісін Жаңатастағы өрттен қаза тапқан сәбилердің рухына арнайтынын жеткізді. 

Кеше ғана елімізде өте үлкен қайғылы оқиға болды. Қанша сәбиімізден айырылып қалды. Жаратқан жандарын жәннаттық қылсын. Мен бүгінгі жеңісімді сол сәбилердің рухына арнағым келеді. Өте өкінішті жағдай. Елімізді басқарып отырған ағаларымыдың құлағына алтын сырға, - деді Қанат Ислам. 

Спортшы оларды қарапайым халықпен бірге болуға шақырды.

Аспанға шығып кетпеңдер, аяқтарың аспаннан салбырап түспедіңдер.Барлығыңыз біз секілді тамақ жеп, дәретханаға барасыздар. Сондықтан кім болсаң да, ірқашан халықтың қамын жеңдер. Қарапайым халқым, мен әрқашан сіздермен біргемін. Жеңісім әрқашан сіздер үшін, осы дерттен барлығымыз аман-есен өтейік, - деді Қанат Ислам. 

Айта кетейік, КОТV платформасында тікелей эфирден көрсетілген жекпе-жек 10 раундқа созылуы тиіс болатын. Алайда айқас барысында Қанат Исламнан екі рет нокдаун алған Джейсон Минда жетінші раундта нокаутқа түсіп қалды.

Естеріңізге сала кетейік, 19 ақпанда Жамбыл облысы Жаңатас қаласында тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан 5 бала қаза тапты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы